"Һибатулла Тарази" мешіті жанындағы Қарилар даярлау курсында алғашқы түлек хафыз атанып, оқуын тәмәмдады.
1 жыл курста Құран білімін алып, Алланың кәләмін толықтай жаттап шыққан Рүстем Айдаров күндердің сұлтаны жұма күні орталық мешітте ұмра қажылығына сертификат табысталды.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев жамағат алдында жас қариға игі лебізін білдіріп, сый-сыяпатты табыс етті. Қариялар батасын беріп, көпшілік қуанышпен Аллаға мадақ айтты.
Қарилар курсында қазіргі уақытта 30 шәкірт білім алуда. Оларға қари Бірлік Амангелді ұстаздық етуде. Курстың ашылғанына санаулы жылдар болды, міне жемісін көрсетіп те үлгеріп жатыр. Білім ордасы алда көптегін Құран қаридарын шығаруға ниетті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі