Меркі ауданы, Кеңес ауылы әкімшілігінде балалар ата-аналарымен шақырылып жиналыс болып өтті. Жиналыста сөз сөйлеген ауыл имамы Нұрбол Айдосұлы «Жат ағымның алдын-алу» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Жиында өскелең ұрпақты жат ағымның жетегінен қалай аман алып қаламыз деген мәселе қарастырылды.
Нұрбол Айдосұлы жас ұрпақты жат ағымның жетегінен дұрыс Ислами білім, дұрыс тәрбие, салт-дәстүрімізді терең білу арқылы аман алып қала аламыз, сол үшін бала-шағамыз қайдан білім алып жүр, кімдермен дос болып жүр, отбасында қандай тәрбие көріп жүр соған баса маңыз беруіміз керек деді.
Жиын соңында, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, дұға жасалды.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қазметі