Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Нұрбол Айдосұлы Меркі ауданы Кеңес ауылдық шекара қызметкерлерімен кездесіп, қоғамда өзекті болған "Деструктивті ағымдардың қоғамға әсері" атты уағыз-насихат өткізді.
Уағыз барысында ауыл имамы Нұрбол Айдосұлы елімізде етек жайған сәләфизм, уаһабизм сияқты жат ағымдардың тигізер кері әсерлерін және одан сақтану жолдарын түсіндірді. Басты мақсатымыз жастардың жат ағым жетегінде кетіп қалмай, дәстүрлі дінімізді ұстана отырып, елдің ішінде татулық пен тыныштықты сақтау әр-бір мұсылманның басты міндеті екенін жеткізді.
Жиын соңында ауыл имамы қызметкерлердің қойған сұрақтарына жауап беріп, көпшілікті діни сауаттты болуға шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі