Ауданымыздағы сауат ашу курсы шәкірттерге тек білім берумен ғана шектелмейді. Балаларды қаламыздың мәдени жерлеріне апару, кинотеатрға апару, сонымен қатар балаларды саябақтарда қыдырту, балалар үшін балмұздақ күндері де ұйымдастырылып тұрады.
Ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының нұсқаулығымен сауат ашу курсының барша ұл-қыздарын қаламыздың «Авангард» кинотеатрына апарып, балалар үшін мультфильмдер көрсетілді. Балалар қуаныштарын жасырмай, өздері үшін ерекше есте қалған «Қажымұқан» мультфильмі болғанын атап өтті.
Өз кезегінде, ауданымыздың бас имамы аталмыш қазақы жанрдағы мультфильмдер балалардың бойында жауапкершілік пен патриоттық тәрбиенің қалыптасуына негіз болатындығын атап өтті.
Талас аудандық Қаратау «Қажы би» мешітінің баспасөз қызметі.