Биыл Талас ауданында алғашқы рет жаздық қыздар сауат ашу курсы ашылған болатын. Алланың қалауымен, сауат ашу курсының ашылуына орай ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы бастамасымен қыздар арасында әліппе, пайғамбар өмірі, исламдағы 100 сұрақ кітаптары бойынша жарыс ұйымдастырылды. Гулзинат Жадігеровнаның жүлделі шәкірттері жарыста белсенді болды.
Орын алған қыздар бағалы сыйлықтар алды. Биылғы жаздық курсқа қатысушы барлық қыздар үшін мерекелік дастархан жайылды. Аталмыш жарыстың соңында ауданымыздың бас имамы сөз алып, қыздарға жақсы уағыз-насихатын айтып, мұсылмандық тәрбие мен білім алудың маңыздылығына айрықша тоқталып өтті.
Уағыз-насихаттан соң қыздар бүгінгі ұйымдастырылып отырған аталмыш жиынның өздеріне ерекше әсер еткендетерін тілге тиек етті. Барша қыздардың ата-аналары ұйымдастырушыларға алғысын айтып, ізгі тілектерін жаудырды.
Талас аудандық Қаратау «Қажы би» мешітінің баспасөз қызметі.