Аудандық мешіттің бас имамы Рысбай Еспенбетов өз еркімен имамдық қызметінен босатылуына байланысты бүгін Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы келіп, Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамдығына Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы міндетін атқарушы, наиб муфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Мырзабаевтің 2022 жылдың 19 шілдесіндегі № 2068 бұйрығымен тағайындалған Ұзақбай Бадықовты мешіт жамағатына таныстырып, жаңа қызметімен құттықтады.
- Бадықов Ұзақбай Медетбайұлы 1981 жылы 23 қарашасында Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл ауылындағы Абай орта мектебінің 1-ші сыныбына барып, 1999 жылы бітіреді. 2011 жылы қыркүйек-қараша айларында 2-айлық «діни сауат ашу» курс оқиды. 2015 жылы Алматы қаласында Имамдардың білімін жетілдіру курсынан өтсе, 2016 – 2019 жылдары һибатулла Тарази медресесін тәмәмдайды.
2014 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Кеңес ауылында Кеңес ауылдық мешітінде Имамдық қызмет атқарды. Ал 2019 жылдан бері Тараз қаласындағы «Нәби» мешітінде имам қызметінде болған, - деді ол.
Содан соң аудан ақсақалдары имамға батасын беріп, жұмыстарына ақ жол тіледі.
Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ,
«Мойынқұм таңы».