#Шу: Мойынқұм округ әкімшілігінде дін тақырыбы талқыланды

#Шу: Мойынқұм округ әкімшілігінде дін тақырыбы талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округ әкімшілігінде дөңгелек үстел өтті. 

Шараға Шу ауданы Көктөбе ауылы "Рақыш ата" мешітінің имамы Ерғазы Ақпанов арнайы барып қатысып қайтты. 

Имам діни экстремизм мен терроризмнің зияны, бұл бағытқа түскендердің адасқан тұстары, адаспау үшін, теріс бағытқа қосылмас үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап берді. 

Имам жат ағымның алдын алудың үлкен әрекеті діни сауатты болу екенін қадап айтты. "Сауаты жоқ адам алдына келген мағұлматқа сеніп кете берері анық. Дін қорқатын емес, ұстанатын өмір салты. Сондықтан өмір салтының заңдылықтарын білу әрбір жанға міндет", - дейді ол. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: