Шу аудандық "Жәми" мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай 40 балаға тәттілер қоржыны мен балмұздақтар таратылды.
ҚМДБ Жамбыл облысы Шу ауданы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен игі шара балақайлардың езуін құлағына жеткізді.
Қуантсаң баланы қуант демекші, Құрбан айт мерекесінің маңызын, мерекелігін сезінсін деген ұстаздардың ниеті іске асты. Ұстаздар шәкірттерді ұл-қыз деп бөлмей, жалпыға бірдей сыйлық жасады. Кішкене дүниеге қатты қуанатын балалар сезімдерін жасырмай асыр салып қуанды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі