#Шу: Халыққа қызмет көрсету орталығында дін тақырыбы түсіндірілді

#Шу: Халыққа қызмет көрсету орталығында дін тақырыбы түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халыққа қызымет ету мекмесінде қызметкерлерге "Абу Бәкір ас-Сыддық" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов діни радикалды ұйымдардың қауып-қатерлері туралы түсіндірді.

"Бүгінгі таңда Таяу Шығыс елдерінде, яғни мұсылман әлемінде орын алған лаңкестік ұйымдар тарапынан жасалып жатқан қақтығыстар мен кескілескен ұрыстар негізінде діни радикалдық және саяси себептер де жоқ емес. Діни радикалдық идеология экстремистік, террорлық ұйымдарды қалыптастырудың негізгі «құнарлы топырағы» болса, діни экстремистік және террорлық актілердің жиі орын алуы өз кезегінде әлемде «исламофобия» түсінігін қалыптастырды. Бір феноменнің пайда болуы екінші бір феноменнің кең қанат жаюына түрткі болуда. Кез келген дінді бір қырынан ғана танып, қатаң түрде ұстану салдарынан діни радикалдық көзқарастың пайда болатындығын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Мысалы, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде радикалды буддистер тарапынан басқа дін өкілдерін қыспаққа алу, әсіресе мұсылман қауымының мешіттерін, үй-жайларын өртеп, өздерін шет қақпайлау оқиғалары шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жиі жариялануда. АҚШ елінде христиан дінінің бір тармағы болған протестанттық радикалды идеология әрекет етсе, Батыс Еуропа елдерінде католиктік радикалды көзқарастар да жоқ емес. Қай дінде болсын діни радикалды идеологияның кез келген елдің қалыптасқан әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне, моральдық-рухани құндылықтарына, жалпы алғанда қоғамның бірлігі мен ынтымағына төндірер қауіпі зор" - дейді имам баяндамасында. 

Көпшілік өз сауалдарын қойып, дәйекті жауаптар алып тарқасты.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: