Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі сақтап, ол нұрға ергендерді Алла Өзі құтқарады. Жаратушы Құранның бір уақытта емес, белгілі уақыттар арасында бөлім-бөлім болып түсірілу себебін адамдардың жүрегіне иманды орнықтыру үшін деп хабарлаған.
Осы Алланың кәләмін арабша түс нұсқадан оқу үшін Құран әліппесін оқып, тәмәмдап, Құранды қолға алған "Бегалы ата" мешітінің шәкірттеріне тәж кигізілді.
Құранға түскен шәкірттердің құрметіне арнайы рухани кеш ұйымдастырылып, діни қойылымдар қойылды. Мешіт ұстазы Зейнеп Үсенова Құран туралы, тәж туралы насихат айтып, ұстаздар шәкірттерге құран сыйлады.
Жиын соңынан садақа ретінде қайырымдылық шарасы жасалып, шәкірттер мұқтаж отбасыларды қуантты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі