Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев Шу қаласы "Айтқұл баба" мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Бас имам жамағат алдында аталған мешітте бірнеше жыл бойы қызмет атқарып, еңбегі сіңген Бахтияр Нұрмаханов имамға алғыс білдірді.
Неше жылдан бері еткен қызметі үшін жылы лебізін білдіріп, шапан жауып, ауысып жатқан жаңа қызметіне жеміс тіледі. Жамағат та имамды бата-тілектерімен шығарып салды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі