Дін мәселесі - нәзік те маңызды, өзекті тақырып. Өйткені адамның дүниетанымы, өмір сүруі, ортасы дінмен тығыз байланысты. Осыған орай аудан орталығында дін мамандарымен келілі кездесу жасалды.
Жаңа сайланған аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Батиханұлының басшылығымен өткен діни кеңеске Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев бастаған шу өңірінің барлық имам-молдалары, ауыл әкімдері, дін мамандары, теологтар қатысты.
Жиында Шудың діни ахуалы қозғалып, жарты жылдықта атқарылған діни жұмыстар жайлы қорытынды жасалды. Аудан бас имамы мешіт тарапынан жасалған қайырымдылық, насихат жұмыстары, білім сынды мешіт қызметінің 6 айдағы нәтижесін баяндады.
Дін мәселесінің маңыздылығын тілге тиек еткендер руханиятқа барлығының ерекше маңыз беру керектігін айтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі