Тәуелсіз еліміздің болашағы - бүлдіршіндер. Бүгінгі бала, ертеңгі жас. Жастар ұлтымыздың ар-намысы, беделі мен қайраты.
Осы орайда, Меркі ауданына қарасты Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Молдашев Нұрболдың ұйымдастыруымен қасиетті «Құрбан айт» мерекесі күніне орай мешітте білім алып жатқан шәкірттерге арнап «Балаларға тарту» атты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Мерекелік жиын барысында балаларды тау бөктеріне серуенге шығарып, бассейнге шомылуға мүмкіндік жасап, балалармен түрлі танымдық ойындар ойнап, бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мереке аясында бүлдіршіндерге арнап бір қой сойылып, тәтті тағамдармен мерекелік дастархан жайылды.
Бүлдіршіндеріміз бақытты балалық шақтың базарында жүздерінде шаттық кернеп, ата-аналарының сенімін ақтап, ел туын көкке көтерер азамат болып өсе берсін. Денсаулықтары мықты болып, оқуда алғыр, қатарда озат болып, күміс күлкілерімен айналаны нұрға бөлеп жүре бергей! Әумин!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі