#Т.Рысқұлов: «Дін – рухани тәрбиенің тірегі» атты дөңгелек үстел өтті

#Т.Рысқұлов: «Дін – рухани тәрбиенің тірегі» атты дөңгелек үстел өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданы Бәйтелі ауылдық кітапханашысы Балнұр Отарымбетованың ұйымдастыруымен "Дін - тәрбиенің рухани тірегі" атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында ауыл имамы Қанат Ашимов кішкентай оқырмандарға  ислам дінінің бағыты, мұсылмандықтың бес парызы және көптеген өсиеттер мен тыйымдарды, тазалық туралы жақсы жағдаяттарды айтып өтті. Ауыл имамы еліміздің болашағы, жас бүлдіршіндерге батасын беріп, тілегін жеткізді.

Іс-шара соңында оқырмандар сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті және де кітапханашы кітап көрмесімен таныстырып, тақырыпқа байланысты кітаптарды насихаттап, оқырмандарға ұсынды.

Шараның мақсаты - оқырмандарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету; мұсылман дінінің өміршеңдігін және Ислам дінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру болатын.

  Қуаныш  Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: