Той-думан, шат-күлкі, арқа-жарқа, қуаныш - бұл Құрбан айт мерекесінің көрінісі. Осынау ұлық мереке шамасы жеткен мұсылманның Раббысы үшін құрбан шалып, мұқтаждарға көмек беруімен ерекше әрі берекелді.
Құрбан айт мейрамының жалпы үш күнінде Шу ауданында 15 өгіз, 521 қой сойылып, еті 3296 отбасыға таратылды. Аталған игілікті атқаруда Шу өңіріне қарасты ауыл имам-молдаларының еңбегі мол.
Құрбан шалу орындарын ұйымдастырып, етін әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға жеткізіп беруде қызмет жоғары дәрежеде жасалды.
Тұрғындар аталған көмек үшін құрбан шалушылар мен мешіт имамдарына дән риза. Алла берекелді күндерді ұзағынан етсін!
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі