«Қаратау Қажы би» орталық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Аталмыш шарада жағдайы төмен отбасылар мен мүгедек жандарға азық-түлік таратылды.
Ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы сөз алып, арапа күні мен құрбан айт мерекеміздің артықшылықтары мен ерекшеліктеріне жіті тоқталды. Осы күндері сауапты ізгі амалдарды арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Іс шара барысында жалпы сомасы 150 мың болатын азық-түлік 13 отбасына таратылды.
Ахат Қайыпбергенұлы,
Талас аудандық Қаратау «Қажы би» Орталық мешітінің баспасөз қызметі.