#Жуалы: "Раббың үшін құрбан шал" акциясы өтті

#Жуалы: "Раббың үшін құрбан шал" акциясы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Жуалы ауданы қарасты барлық ауыл тұрғындары Алланың әмірін орындау мақсатында Қасиетті Құрбан айт күндерінде өз құрбандықтарын шалуда. Аудан әкімі Жалғас Мұртаза бастап, құрбандыққа сиыр шалып, еттері бөлініп, тұрмысы төмен 45 мұқтаж отбасыға таратылып берілді. Сонымен қатар, мешіт қызметкерлері мен ауыл тұрғындары да құрбандық шалып, Алланың разылығын іздеп, еттерін садақа қылып қайырымдылық жасалуда.

  Құрбан айттың бірінші күні 101 қой мен ешкі, 9 бас ірі қара сойылып, құрбандық малының еттері аудан бойынша 636 отбасыға үлестірілді.

  Құрбан айттың екінші күні 28 қой мен ешкі,  3 бас ірі қара мал шалынып, құрбандық малының еттері 103 отбасыға үлестірілді.

Құрбан айттың үшінші күні 29 қой мен ешкі,  1 бас ірі қара мал шалынып, құрбандық малының еттері 98 отбасыға үлестірілді

    Құрбан шалудың әлеуметтік тұрғыдан да бірқатар пайдалары бар. Атап айтсақ, құрбандық шалу – қоғамда бауырластық, өзгеге көмек беру, жанқиярлық және ынтымақтастық сынды жақсы қасиеттердің пайда болуына және одан ары нығая түсуіне ықпал етеді. Сондай-ақ қоғамда әділеттіліктің күшеюіне өзіндік септігін тигізеді. Әлеуметтік топтар арасындағы белгілі бір алшақтықтың жойылуына және әр түрлі деңгейдегі адамдардың бір-бірінің жағдайын білісіп, тұрмыс-тіршілігін жақыннан тануға және етене араласуына едәуір ықпал етеді.

Жуалы  аудандық мешіттің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: