Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша барлық мешіттерде «Раббың үшін құрбан шал» атты қайырымдылық іс–шарасы ұйымдастырылды.
Айттың алғашқы күнінен бастап бүгінгі күнге дейін 5 352 мұқтаж, зағип, мүмкіндігі шектеулі отбасыларына 903 ұсақ мал, 51 ірі қара малдың еттері 5 кг үйлестірілді.
Құрбан айттың мақсаты мұқтаждарды қуантып оларға мереке сыйлау болып табылады.
Алла ісімізге берке беріп, айттан айтқа аман-есен жете беруімізді нәсіп етсін
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі