Қасиетті құран айт мерекесі күллі мұсылманды шаттық пен берекеге кенелтетін ұлық мейрам. Алланың өзі бекітіп берген мереке Қордай ауданында айт намазын оқумен басталды.
Мешітке жиналған қалың көпшілік алдында орталық мешітте өткен намаз алдында Асқар Зәкіржанұлы уағыз айтып, халықты айтпен құттықтады.
Намаздан соң мешіт ауласында киіз үй тігіліп, Қордай өңіріне қарасты мешіттерде ұлттық ойын түрлері: қол күрес, арқан тартыс, ләңгі тебу сынды ойындар ойнатылды. Білекті бірді жығар палуандарға бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Орталық "Қордай", "Рахман", "Самал" мешіттерін ауласына үлкен батут құрылып, балдырғандарға айт мерекесінің қығызын сезінсін деген мақсатта мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, тәттілер таратылды.
Үш күн бойы ауданда құрбандыққа шалынған малдардың еті алғашқы күннен-ақ бірден таратылып бастады. Құрбандық еті арнайы өтініш тастап жазылған мұқтаж отбасыларға таратылды.
Ерекше әрі қызықты өткен мереке Қордайлықтардың шаттығын өсірді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі