#Т.Рысқұлов: Мүмкіндігі шектеулі жандарға зиярат жасалды

#Т.Рысқұлов: Мүмкіндігі шектеулі жандарға зиярат жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы Мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыру мекемесіне ауданның бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы арнайы барып науқас жандар мен мүгедек жандардың хәл-жағдайларын сұрап, зиярат жасады. Сонымен қатар, оларға уақыт бөліп, бір сәт отырып шүйіркелесіп әңгімелесті және сауықтыру орталығына аудандық мешіт атынан кілемдер табыс етті.

Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау), Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).

 Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: