Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінде арнайы сауат ашу курсына арналған сынып-бөлмесі ашылған болатын.
Сонымен бірге, алдынғы айда өз жұмысын бастаған сауат ашу лагері балаларға діни білім беруге шақырды. Ауыл имамы өз қолына алған курсқа ауыл балалары діни білім алуда.
Діни білім адамның ауыр қылмыстар мен күнәлі істерге бармауына ықпал етеді. Діни білім адамға адамдықты, тұрмыста адал күнелтуді, әлемді түсінуді және ондағы нығметтерді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі