ҚМДБ Жамбыл облысы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Нұргүл Әлиханқызы Тараз қаласының "Аналар алқасымен" жүздесті.
Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге арналған кризистік орталықта өткен келілі отырыста әйелдерге қолдау, психологиялық жай-күйі, діндегі әйел мәртебесі сынды мардымды тақырыптар қозғалды.
Айта кетейік, бұл орталықта өмірде түрлі қиындықтарға ұшырап, барар жер, басар тауы қалмаған, бала-шағасымен пана іздеп келген келіншектер тұрады.
Дін маманы ретінде ұстаз және өзге де салалы мамандар келіншектермен жан-жақты жұмыс жасап, қолдау көрсетті. Алдағы уақытта орталық пен мешіт байланыста болып, түрлі іс-шараларды қолға алмақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі