Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің әйелдер жамағаты «кемел кездесу» айлық дастарханын ұйымдастырып, «Жақсылықта жарысайық» тақырыбында насихат жүргізді.
Аталған шараға мешітте дәріс алып жүрген әйелдер жамағаты қатысқан болатын. Келелі кездесуде сөз болған тақырып аясында мешіт ұстазы жамағатқа кезекті уағыз-насихат айтып, жастарды жақсылық жасауға үйрету керектігін айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі