Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде 1 жыл бойы діни сауат ашу курсында білім алған қыз-келіншектерден емтихан алынды.
Осы уақыт аралығында сіңірген білімдерін сынға салып, өздерін тексеру, әрі берілген ілім деңгейін анықтау мақсатында 50-ден аса шәкірт фиқһ, сенім, әдеп сабақтары бойынша бақ сынады.
Емтихан қорытындысына сай аталған 50 шәкірт 1-ші дәрежелі сертификатқа ие болды. Емтиханды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Нұргүл Ерболова мен орталық мешітінің ұстазы Айтолқын Бақытжанқызы қабылдады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі