Талас аудандық "Қажы би" мешітіне ат басын бұрып келген ауыл имамдарымен жамағат үшін айлық дастархан шарасы ұйымдастырылды. Жамағат арасындағы бірлікті, ынтымақты арттыруға бағытталған шарада аудан бас имамы Жалгасбай Дүйсенбайұлы, найб имам Азамат Ұзақов, "Әбдирашит ата" мешітінің ұстазы Жанұзақ Әнибеков арнайы уағыз айтты.
Бірлік, ынтымақ, жауапкершілік тақырыптары талқыланған рухани кеште имамдар жамағатты ел бірлігін нығайтуға және де жақсылықта бірге болуға шақырды.
Ұстаз, имамдардың ұмынысын қолдап, аталмыш мешіттің жамағаты жас үлкен, ақсақал ағамыз Мүбашірхан: “Қазақта “Бірлігі мықты ел озады” деген тамаша тәмсіл бар. Ислам – ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін дін. Осы ретте, баршаңызды еліміздің ертеңі үшін игілікті еңбек етуге шақырамын” деп атап өтті.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі