Жамбыл аудандық "Бәйдібек" мешітінің ұстазы, АТТ мүшесі Ж.Бекназарова, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Ерназар ауылдық округіндегі Кейкиев атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушы қыздарымен "Имандылық - ізгілік негізі" тақырыбында кездесу өткізді.
Қыздар тақырыпқа қызығушылық танытып, өз ойларымен еркін бөлісіп, ұстазға сұрақтарын қойып, әңгіме тартысты өтті.
Жас бойжеткендердің тұлғалық дамуына діни сауаттылық тұрғысынан әсер етіп, нағыз ел анасы боп бой түзеулеріне үлес қосу мақсатында өткен шара жастарға пайдасын тигізгені сөзсіз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі