Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы мешіт жамағаты және ауыл имамдарына рухани саяхат ұйымдастырды.
Рухани саяхатқа Талас ауданы әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы демеушілік жасады. Айта кетсек, саяхаттың негізгі мақсаты дін қызметкелерінің қасиетті Рамазан айының алдындағы демалысы болды, әрі жамағат имамдарымызбен бір дастарханда болып, діни уағыздарына сусындап қайтты.
Түркістан облысы аумағында орналасқан «Арыстан баб», «Қожа Ахмет Яссауи», «Домалақ ана» кесенелері мен «Ақмешіт әулие» үңгіріне зиярат етіп, бабалар рухына құран бағыштады. Саяхат барысын аудан бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы саяхаттың негізгі мақсаты - рухани азық ала отырып жамағат пен имамдар арасындаға ауызбіршілікті нығайту екендігін атап өтті.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі