#Шу: Атқарған қызметіне алғыс айтты

#Шу: Атқарған қызметіне алғыс айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміздегі діни ахуалдың жақсарып, жастардың басын қосып ізгілікке бағыттауда мешіт имамдарының атқаратын рөлі маңызды. Егемендік алғаннан бері жас әрі талапты діни кадрлар дайындау ісі қолға алынып, соңғы 5-10 жылдың бедерінде  өз жемісін  берді.

Осыдан бірер жыл бұрын жамағаттың басын жиып, ұтымды ұйымдастырып, артынан көптеген шәкірт ерте білген Нұржан Қалиев «Кәрібай молда» мешітінің ашылуына мұрындық болып, алғашқы имамы болды. Айналасы 2-3 жылдың ішінде іргелі істер атқарылып, жаңа мешіт жамағаттың сүйікті орнына айналды.

Жұма күні аталған мешіт имамы Нұржан Сабырұлы Қалиев өз өтініші негізінде Шу ауданы «Кәрібай молда» мешітінің имамдық қызметін тәмәмдады.  Жұма намазы алдында ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлы Нұржан Сабырұлына атқарған адал қызметіне алғыс айтып, жамағаттың атынан иығына шапан, басына бөрік кигізді. Сондай-ақ Шу қаласының әкімі Ержан Естияр оған аудан әкімінің Алғыс хатын табыстап, қаладағы діни ахуалдың жақсаруына қосқан үлесі үшін ризашылығын жеткізді.

Нұржан имам да жамағатына жылы лебізін білдіріп, бірге болып, қолдау көрсеткендері үшін рақметін айтты. Бауыр басып қалған жамағатта имамдарымен қимай қоштасып жатқаны байқалды.

Содан кейін Бахтияр Амантайұлы "Намаз- діннің негізі" тақырыбында уағыз айтып, жұма намазын жүргізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: