Әлемге және елімізге төнген індет баршамызға онлайн өмір сүруді үйретті. Оның үстіне қолдағы смартфон көмегімен көп шаруаны бітіру заман талабына айналды. Әр нәрсенің қайыры бар дегендей бұл үрдіс асыл дініміз үшін, әсіресе мешіттер үшін оң жағынан әсер берді. Уағыздар мен дәрістер әлеуметтік желілер арқылы таралып, сол торап арқылы толғандырған сұрақтарға жауаптар беріліп жүр.
Жуырда Шу ауданы «Төле би» мешітінде жаңа жұмыс бөлменің тұсауы кесіліп, игі қызметке берілді. Ендігіде онлайн уағыздар, дәрістер мен тікелей эфирлер осы жарақталған бөлмеден таратылады. Бұл туралы осы мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы мәлімдеп отыр. Ол сондай-ақ аталған бөлменің ашылуына көмек көрсеткен жандарға ризашылығын айтуда.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі