#Шу: Белгілі имам уағыз айтты

#Шу: Белгілі имам уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырдағы жұмада Шу ауданына Алматы облысының «Құртқа» мешітінің бас имамы Батырбек Базарбекұлы келген болатын.  Шу жамағатымен жүздескен белгілі имам түске дейін Бірлікүстем ауылдық мешітінде болып уағыз айтса, кешкісін аудан орталығындағы «Төле би» мешітінде насихат жасады.

Белгілі имамның уағызы болады дегенді естіген ел «Төле би» мешітіне ағылды. Келген мейманды осы мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы таныстырып, арнайы ат басын бұрғаны үшін алғысын айтты.

Мешіттегі мәжілісте Батырбек  ұстаз «Қияметтің болмысы мен қияметтегі жағдай» тақырыбында тамаша насихат жасады. Тыңдағандар тақырып бойынша тереңірек ақпарат алып, жүректері тебіренді.

Жамағат көршілес облыстың имамына сұрақтарын жолдап, қажетті жауаптарын алып, намаз оқып тарасты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: