Алла Тағала бұйырған құлшылықтың бірі-намаз. Намаз-жәннәттің, дәрет-намаздың кілті делінген бір хадисте. Намаз дұрыс болу үшін толыққанды дәрет алу керек. Ол мешіттердің дәрет алатын орны, ыстық суы болғаны абзал.
Жуырда Шу ауданы «Төле би» мешітінің дәретханасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи талаптарға сай жаңа кейіпке енген болатын. Енді мешітке келген жамағат жайлы орында дәрет алып, намаз оқуға мүмкін алды. Біршама уақыт пен қаржы кеткен жұмысқа ат салысқан ағайынға мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы алғысын білдіріп, Алладан істеріне, отбасыларына береке тіледі.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі