#Қордай: Жамағаттан белсенді 2 кісіге Ұмра қажылығана жолдама тарту етілді

#Қордай: Жамағаттан белсенді 2 кісіге Ұмра қажылығана жолдама тарту етілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла тағала қасиетті қала Мекке мен Мәдинеге қалаған құлын құлшылыққа шақырады. Тіпті оның ұзақ сапарға қаражаты жоқ болса да, Алла қаласа бәрі де мүмкін емес пе? Бұған дәлел ретінде Қордайдағы ерекше жағдайды тілге тиек етпесе болмас.

Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлының ұйытқы болуымен, демеушілердің қолдауымен мешітінің белсенді шәкірті әрі жамағаты болып жүрген 2 кісіге ұмра қажылығына сертификат табысталды. 

Мұндай тосын сыйды күтпеген азаматтар көздеріне еріксіз жас алды. Аллаға сансыз шүкірлер айтып, жиналған жұртшылққа да алғысын жеткізді. 

Бас имамның айтуынша, бұл сыйлықтың иелері бес уақыт намаздан қалмайтын, белсенді жамағат екен. Алла қажылықтарын қабыл етсін!

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: