Жуырда Шу аудандық «Жәми» мешітінде ауданға қарасты қала мен ауыл мешіттерінің имам-молдаларының қатысуымен жиын өтті. Оған Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Жарбол Ақжігітов қатысып, кері тартпа ағымдармен күресу, қарсы иммунитет қалыптастыру туралы насихат жасады.
Кездесу барысында көптеген мәселелер айтылып, шулық имамдардың сауалдарына жауап берілді. Жиынға қатысушылар облыстық мешіттің найб имамына алғысын білдіріп, мол мағлұматқа ие болғандарын айтты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі