Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы намазға жиналған жамағатқа «Намаз оқудың сауабы мен дәрежесі» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.
Бас имам: «Намаз – Исламның бес парызының бірі әрі құлшылықтың ең абзалы. Жаратушымыз Алла Тағала қасиетті Құраның 87 жерінде намаз оқуды бұйырып, оның адам баласы үшін маңыздылығына ерекше назар аударған. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазды «Діннің тірегі», «Мүминнің миғражы», «Жұмақтың кілті», «Көзімнің нұры» деп түрлі атаулармен атаған. Бұның барлығы намаз оқудың қаншалықты маңызды екендігінің көрінісі», - деп, намаз оқудың парыз екендігін, кімдерге парыз, қалай орындалатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Уағыз соңында елімізге, жерімізге Алла Тағаладан дұға жасап, жұма намазын оқып тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі