#Меркі ауданы: Ризабек Батталұлы Меркі өңірінде

#Меркі ауданы: Ризабек Батталұлы Меркі өңірінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Меркі ауданына «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, исламтанушы-теолог, РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы келді.

Меркі ауданы «Меркі ата» орталық мешітіне арнайы келген Ризабек Батталұлын, «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ұстазды жамағатқа таныстырып, сөз тізгінін ұсынды. Ризабек Батталұлы жиналғандарды қасиетті шағбан айымен құттықтап, «Алланы тану» жайында уағыз айтып, кеңінен түсіндірді.

Ауданның әр түпкірінен жиналған жамағат көкейкесті сауалдарын қойып, дəйекті жауаптарын алды. Көпшіліктің жүрегін толқытып, рухани азық сыйлаған кездесу жұртшылықтың Алла Тағалаға деген сүйіспеншілігін арттырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: