#Меркі ауданы: Аналарға құрмет көрсетілді

#Меркі ауданы: Аналарға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл шараға, Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы, «Меркі ата» мешітінің ұстазы, әйел-қыздар секторының жетекшісі Тілеубердиева Марина және «Әжелер алқасы» мүшелері қатысты. Жиынды бас имам Азамат Берікұлы аналарға алғысын білдіріп, құттықтау сөзімен ашып берді.

«Құрметті аналар, қадірменді қонақтар! Анаға жалпы әйел затына асыл дініміздегі құрмет бір күнмен шектелмей жыл он екі ай жалғасатыны баршамызға мәлім. Жыл он екі ай құрмет пен қамқорлыққа лайық нәзік жандарға ресми түрде атап құрмет көрсету — бірлігімізді арттыра түспесе, кемітпесі анық. Себебі, анаға құрмет – болашаққа құрмет. Анасын құрметтеген, аруларын аялап, қыздарына қорған бола білген елдің де ертеңі кемел екені сөзсіз.

Ана деген осы, оның алдында қашан да қарыздармыз, оның алдында өз борышымызды өтей алмаспыз.

Енді осы аналардың ерекше орнын атап өту үшін оларға бір күн арнау керек пе, аналарды аналар күнімен құттықтау әбестік пе, жалпы шариғат бұған қалай қарайды деген сұрақтар келіп жатады.

Расында, мұсылман ғалымдары аналар күнінің діни мейрам еместігін айтады. Алайда, халық арасында аналар күні деп танылған мерекенің ислам шариғатымен қайшылығы жоқ. Бұның мысалы «ашура» күні іспеттес. Яһудилердің неліктен бұл күні ораза ұстайтынын сұраған Алла елшісіне (с.ғ.с) яһудилер: «Бұл – ұлы күн, бұл күні Алла Мұсаны құтқарып, перғауынды батырған», – деп жауап берген. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с): «Мұсаға сендерден гөрі мен жақынырақпын», – деп, осы күні ораза ұстауды бұйырған.

Осы іспетті, бұл күннің, яғни аналарға жылы лебіз танытып, олардың мәртебесін асқақтатуды өзгелерден гөрі өзіміз істеуіміз керек деп білеміз. Алайда, мереке осы екен деп, түрлі арам нәрселерге жол берілмеуі керек.

Аналардың әр күнін мереке қылса да перзент үшін артықтық қылмас, алайда жылына бір күнді анаға арнаймын деген адамға шектеу жасау да жөн болмас. Алла Тағала аналарымызға аналық бақытты сезінуді, қашан да перзенттерінің ықыласына бөленіп жүруді нәсіп етсін.

Осы іс-шараға қолдау көрсетіп, қолғабыс болған барша азаматтарымызға, отбастарына, кәсіптеріне береке тілейміз!», - деп сөзін аяқтады.

Құрмет, қошемет көрген аналарымыз, осы іс-шараны ұйымдастырған бас имамға риза болып, алғыстарын білдірді.

Аналар күні құтты болсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызмет

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: