Қыстан аман шыққан халқымыз шүкір айтып көкетемгі шаруаға кіріседі. Айналасын тазалап, тал отырғызады. Сонымен қатар дүниеден өткендердің зиратына зиярат етіп, ол жақты да тазалайды.
Жуырда Шу ауданы "Бірлікүстем" ауылдық мешітінің жамағаты көктем шыға қабір басына барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Қураған шөптерді жұлып, қоныстарды шығарды. Соңынан Құран оқып, марқұмдарға Алладан жарылқау тіледі.
Көктемгі мезгіліндегі игі іске жұмылған ауыл тұрғындарына мешіт имамы Жетпісбай Әлімбеков алғысын білдіріп, батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі