#Жамбыл: Жақсылық та, жамандықта бір Алладан

#Жамбыл: Жақсылық та, жамандықта бір Алладан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінде жұма намазына келген жамағатқа мешіт молдасы Ансар Абилов «Жақсылық та, жамандық та бір Алладан» екендігі турасында уағыз айтып, жамағаттың сан сауалына жауап берді.    

Тағдыр – осы әлемді және оның ішіндегі сан алуан түрлі жаратылыс иелерін белгілі бір жүйе мен тәртіп бойынша басқаратын иләһи заңдылық. Жер бетіндегі күллі мақлұқаттың болмыс-бітімі Жаратқанның белгілі бір тәртібімен өлшеніп қойылған. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресі, 51-ші аятында:«(Мұхаммед! Оларға айт): Бізге тек Алланың жазғаны ғана болады. Ол біздің иеміз. Мүминдер Аллаға тәуекел етсін», –делінген. Аятта айтылғандай, басымызға келетін жақсылық та, жамандық та, үміт пен қорқыныш та, қиыншылық пен амандық та тек Алланың құзырында жазылған тағдыр бойынша ғана іске асады. Яғни, мұсылман баласы барлық ісін Аллаға тапсырып, басқа ешкімге арқа сүйемеуі керек.  

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: