Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы Құлан агротехникалық колледжінде «Дін ахуалдың негізгі даму үрдістері» атты тақырыпта жастармен пікір алмасу кеші өтті. Бұл кешке Құлан ауылдық «Қасымбай ата» мешітінің имамы Нұрқияс Әбілдаев арнайы қонақ боп шақыртылды. Нұрқияс имам тақырыпқа сәйкес ой-пікірімен бөлісіп, жастарға уағыз-насихат айтты.
Нұрқияс имам уағызында: "Ел халқының ізгілік пен бейбітшілік құндылықтарын ұстануы, конфессиялар мен мәдениеттердің оң диалогтары, дін саласындағы мемлекеттік сарабдал саясат, сондай-ақ қазақстандық қоғамның тұрақтылығын нығайту үшін түрлі дін өкілдерінің тамыры тарих қойнауының тереңіне жайылған бірігу дәстүрі елдегі діни ахуалға оң әсерін тигізеді. Қазақстан ел ішінде тұрақтылық пен келісімді сақтауда, әмбебап жалпыадамзаттық құндылықтардың жалпыұлттық бірлігін нығайтуда діннің маңызды рөл атқаратынын, түрлі діндер мен конфессиялардың бірге өмір сүре алатынын және толық өзара түсіністік пен сыйластық негізінде үйлесімді дами алатынын әлемге айқын танытып келеді. Қазақстан көпэтносты және көпконфессиялы тәуелсіз мемлекет ретінде мемлекеттік билік органдары мен діни бірлестіктер арасындағы өзара қарым-қатынастың өзіндік үлгісі мен тәртібін қалыптастыруда," - деп толықтыра кетті.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі