Садақа беру, мұсылмандарды садақа беруге қызықтыру шариғатта қошталған. Әрі оның ұшқан теңіз сауабы мен маңызы туралы да аз айтылмаған. Сондықтан әрбіріміз шама келгенше жақсылық жасап тұрғанымыз абзал.
Таяуда Шу ауданы Ақтөбе ауылындағы "Жылғабек" мешітінің имамы Әбусейіт Қоспановтың ұйытқы болуымен ауылдағы әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған 3 отбасыға азық-түлік қоры таратылды. Барлығы 80 мың теңге жұмсалған қаржыға ең қажетті деген тұтынатын заттар алынды.
Ауыл тұрғындары өздеріне көрсетілген разылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі