Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы мен Меркі аудандық жастар секторының ұйымдастыруымен орталық кітапханада қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шарада 15 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді.
Іс-шара барысында Азамат Берікұлы сөз сөйлеп: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, - демекші қандай қайырымды істер жасасаң да барлығы өзің үшін деп ата-бабамыз да мақал-мәтелдерде айтып кеткен. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін ұмытпайық. Бес күндік пәни дүниеде қайырлы іс жасап, көп балалы отбасына, балалар үйіне, қарттар үйіне аса көңіл бөлейік», - деп халықты қайырымдылық жасауға шақырды.
Орталық кітапхана директоры Батырбекқызы Жанат бас имамның қайырымдылық туралы айтқан уағызына тәнті болып, бас имамға өз ілтипатын сыйлықпен білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі