#Меркі ауданы: Арақтың қоғамға зияны түсіндірілді

#Меркі ауданы: Арақтың қоғамға зияны түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Нұрбол Айдосұлы жергілікті әкімшілік ғимаратында ауыл қауымдастығы мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында қоғамға, жалпы адамзатқа кері әсерін тигізетін «Арақтан келетін зиян» туралы  сөз айтылды.

Кездесуде сөз сөйлеген имам: «Қасиетті Құран Кәрімде ішімдік ішудің күнә, әрі барлық қылмыстың бастауы екендігі баян етілген. Алла Тағала «Маида» сүресінің аяттарында айтады: «Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну, оқпен бал ашып бәсекелесу – шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар. Сол арақ, құмар ойнау арқылы шайтан сендердің араларыңа дұшпандық-ғадауат тудырады, сендердің намаз оқуларыңа кедергі жасамақ болады. Тәңірді естеріңнен шығаруға тырысады. Арақ пен құмар ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?» - деп, бұл жамандық атаулыдан аулақ болуға шақырады.

 Және Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) араққа байланысты он кісіге лағынет айтқан: «Арақты сығушы, сығуға тапсырыс беруші, ішуші, тасушы, алдыртушы, құюшы, сатушы, арақтан түскен пайданы жеуші, арақты сатып алушы және сатып алдырушы» – деп баяндалған. Сондықтан ол нәрседен бойымызды аулақ ұстауымыз керек деп сөзін аяқтады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: