#Шу: Бергеннің берекесі артады

#Шу: Бергеннің берекесі артады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла разылығын көздейтін әрбір амал мен берілетін зат- садақа.  Садақа таразыға тартылмайды, аз және көп деп бөлінбейді. Бастысы ықылас. Мақсаты Алланың разылығы болу керек. Қазақ  халқы  да тұрғы да «Алаған қолым береген» деген-тұғын. 

Құран Кәрімде 200 жерде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайы баяндалады.  Алла Тағаланың бергенін Алла жолындау жұмсау сауапты іс. Оның қабырғалы қазақ халқы ертеден жете түсінген. Жүйелі түрде жүзе асырып отырған.

 Осыған сәйкес Шу ауданында ілгеріден жасалып келе жатқан жақсылық жалғасын табуда. Атап айтқанда бір  жұма ішінде Еңбекші ауылдық мешітінің имамы Данияр Исаков 1 уақ малдың етін 5 отбасыға таратып, 22000 теңге жұмсаса,   Шу қаласындағы «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешіті 4 адамға 5 келі еттен таратты.  Ал, Бірлікүстем ауылдық мешіттің имамы Жетпісбай Әлімбеков            350 мың теңгеге сатып алынған мүйізді ірі қараны сойып, соның етін  ауылындағы 12 отбасыға таратуға мұрындық болды.  Сол сияқты «Айтқұл баба»  мешіті де  2 қойдың еті мен азық-түлік себетін 6 отбасыға үлестіріп, үлкен сауапқа кеңелді.

Жасалған жақсылықтар Жаратушы Иемізден мол сауаптармен қайтып, жақсылық жасаушылардың мал-мүлкіне береке  беріп, бұдан ірі сауапты іс жасауға нәсіп етсін деген дұғадамыз.

Байжан ЕМБЕРДІ,

Шу  аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: