Меркі ауданының бас имамы Булгаков Қанат Талғатұлы ауданға қарасты жаңадан салынып жатқан мешітті зерделеп қайтты. Кездесу барысында, осы мешітті бастан аяқ құрылысын жүргізіп жатқан Айтимбетов Мубарак Сағынбайұлымен кездесіп, мешіт ахуалымен танысты.
Мубарак ағамыз: «Меркі ауданына қарасты – Юбилейный ауылында 7 мыңнан аса халық тұрады. Соңғы жылдары тұрғын үйлер көптеп салынып, ерекше көркейіп келе жатқан ауылда бір де бір мешіт жоқ еді. Мешіт салу мұсылман баласының арманы. Бұл мешіттің құрылысын 2013 жылы жоспарлап бастаған едік. Қаржы мәселесіне келіп тоқтап қалған еді. Алланың қалауымен 2020 жылы қайта қолға алдық. Қазіргі күні міні қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылуға аз қалды. Осы ісімізді қолдап, көмектесіп жатқан кәсіпкер бауырларымызға, осы халықымызға үлкен алғыс айтамын», - деп сөзін аяқтады.
Бас имам Қанат Талғатұлы: Мубарак ағамызға күш-қуат, қажыр-қайрат тіледі. Бұл жол оңай жол емес, бәріміз мешіт салуды қалаймыз, бірақ жетістікке жететін адамдар аянбай тер төккендері. Біз тараптан қандайда көмек керек болса дайынбыз. Әрдайым қолдаймыз. Алла ісіңізге береке берсін, мол-мол сауаптан жазсын. Ақыретте жәннаттан зәулім сарай нәсіп етсін», - деп ісіне береке тіледі.
Меркі ауданының бас имамы Булгаков Қанат Талғатұлы халыққа үндеу жасап, мешіт салудың сауабы туралы:
Алланың жердегі үйі болатын мешіт – қастерлі орын, оның құрылысына қолдау көрсетіңіздер, мешіт құрылысына көмектескен адамның алар сауабы өте зор.
Алла Тағала қасиетті Құранда: «Аллаға сенгендер, ақиретке сенгендер Алла Тағаланың үйлерін көркейтеді» дейді. Бұл өте сауапты іс. Пайғамбарымыз Меккеден Мәдинаға һижрат еткен кезде алғашқы жұмысын мешіт салумен бастаған.
Пайғамбарымыз хадисінде: «Кім де кім өмірінде бір мешіт соқса, Алла Тағала оған қияметте өзі соққан мешіт сияқты жәннатынан үй салып береді» деген.
Осы мақсатта Юбилейный ауылында зәулім мешіт құрылысы жүріп жатыр. Халқымыз «Азанды ел азбас» деген, бүгін іргетасы қаланып отырған мешіт ғимараты халықты имандылыққа, әділдікке, адалдыққа тәрбиелейтін орын болғай!
Жаңа мешіт құрылысы халықтың, жекелеген адамдардың қаржысына салынып жатыр. Дінге шын жаны ашитын азаматтар атсалысып, мешіт қорына үлес қосады деп ойлаймын. Мешіт құрылысы қанша уақытқа созылатыны белгісіз, өйткені мемлекет салып жатқан нысан емес. Бәрі қорға түсетін қаражатқа байланысты. Сондықтан барлық исі мұсылман бауырларымызды, осындай игі іске атсалысуға шақырамын.
Осындай игі іске атсалысып жатқан азаматтарға және ниет білдіріп жатқандарға Алла Тағала отбастарына, мал-жандарына, кәсіптеріне береке берсін, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал аул.округы. Юбилейная аймағы, М. Жұмабаев көшесі, 1 үй.
Kaspi.kz: 4400 4301 2569 2621
+77473265347 Ашир. И
+77768491300
+77007753901
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

