Меркі ауданының бас имамы Қанат Талғатұлының басшылығымен орталық «Меркі ата» мешітінің жамағатына «Жаназа рәсімдері» атты сабақ басталды.
Бас имам Қанат Талғатұлы келген жамағатқа сөз қатып: «Өмір бар жерде өлім бар. Шынында, өлім хақ және ол әрбір жаратылған жандының соңы болып табылады. Алла тағала Құран Кәрімде бұл жайлы: «Өзекті жанда өлмейтін пенде жоқ. Сендердің игіліктеріңнің бодауы қиямет күнінде толық қайтарылады. Тозақтың беті әрі болып, ұжмаққа кірсеңдер – мұраттарыңа жеткендерің. Дүние деген – опасыз тіршіліктің алдамшы қызығы», – дейді («Әли Имран» сүресі, 185-аят).
Саналы ғұмырында әрбір ақыл-есі дұрыс адам ажал жетпей тұрып Алла Тағалаға құлшылық етіп, өзіне жүктелген парыздарды орындау тиіс.
Пайғамбарымыз (с.а.с) хадис-шәріпінде: «Дүние ләззаттарын жермен-жексен ететін ажалды еске алыңдар», – деген. Бүгінгі әңгімемізде біз пәниден бақиға өтуші жанға қатысты орындалуы тиіс мәселелерді сөз етпекпіз.
Жалпы айтқанда: Жан тәсілім халіндегі адам, Мәйітті жуу рәсімдері, Кебіндеу, Жаназа намазының үкімі, Мәйітті шығару мен жерлеуге апару, Мәйітті жоқтау тақырыптары қамтылады.
Сабақтан қалмай келіп жүргендер арасында сұрақ-жауап алынып емтихан болатынын ескертті.
Меркі ауданының «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

