#Шу: Мешітке жаңа маңдайша қойылды

#Шу: Мешітке жаңа маңдайша қойылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт – мұсылмандар үшін маңызды орын. Онда құлшылық жасалып,  парыз етілген үкімдерді Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көрсеткендей орындау керек. Сонымен қатар оның тазалығына мән беріп, көркемдігіне көңіл бөлген дұрыс. Сонда ғана ғибадат етуге барлық мүмкіндіктер туады.

Жақында осыны қаперінде сақтаған Аллаға және ақірет күніне иман келтірген жандар аудан орталығындағы «Төле би» мешітіне өзгеше өзгеріс сыйлады. Осы мешітің бас имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен, кәсіпкер азаматтың демеушілігімен мешіттің маңдайшасына «Төле би мешіті» деген атау жазылып, түнде жанатындай етіп һадия жасалды.  Жалпы соммасы 250 мың тұратын жұмыстың нәтижесінде Алла үйінің сыртқы бейнесі ажарланып, алыстан көз тартатындай көркем бейнеге енді.

Заман ағымына қарай қолдау көрсеткен кәсіпкерге Талғат Кәрібайұлы алғысын білдіріп, ісінің табысты, берекелі болуына батасын берді.

         Байжан ЕМБЕРДІ,

         Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: