Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінде адамзаттың ардақтысы болған екі дүниенің сардары Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) туылған күні Мәуліт мерекесі алатып өтті.
Түрксіб» мешітінің имамы Тәжібаев Қыдырбай мен мешіт алқа мүшесі Болат Әбдіқұлұлының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы да қатысты.
Айтулы шарада Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, Мәуліт жыры оқылды. Сонымен қатар, мереке соңында ауыл мешітіне атсалысып, келелі іс-шараларды өткізуде өз үлесін үнемі аямайтын мешіт жамағаттары мен алқа мүшелеріне алғыс хат берілді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

