#Рысқұловқа РАНТ мүшесі келді

#Рысқұловқа РАНТ мүшесі келді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданына белгілі исламтанушы, теолог, Нұр-Мүбарак Египет Ислам Мәдениеті университетінің ұстазы, РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы келді. Ризабек Ұстаз аудандық әкімшілікте кездесу өткізді.

Кездесуге аудан әкімдігі қызметкерлері мен ауданның имамдары қатысты. Екі сағатқа созылған кездесуде жат ағыммен күресте қолданылатын әдістер мен техникалары айтылды.

Сонымен қатар, имамдардың көкейде жүрген және мешіт жамағаттары қойған көптеген сұрақтарына нақты, тұщымды жауаптары берілді. Жиын соңында қонаққа келген танымал Ұстазға қатысушылар алғысын білдіріп, жылы лебіздерін білдірді.

 Қуаныш Тузелбеков

Т.Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: