Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншарип қажы аудандық полиция қызметкерлерімен жүздесу өткізді.
Кездесуде жат ағыммен күрес бағыты бойынша «Адасқанның алды-жөн, арты-соқпақ» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жат ағымдардың қоғамға тигізер қаупі мен зияндары турасында кеңінен тоқталды. Олардың шығу тарихы мен алдарына қойған мақсаттары жайлы да баяндалды. Елімізді, халқымызды түрлі жат ағымдардың зиянынан сақтасын!
Қуаныш Тузелбеков
Т.Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



07 Ноябрь 2025
16 Джумада-авваль 1447

