Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінің имамы Исмаилов Қуаныш шам намазына келген жамағатқа «Зайырлы қоғам және руханият» тақырыбында кеңінен насихат жұмыстарын жүргізді.
Зайырлы мемлекетте діни сенім бостандығы – азаматтардың қандай да бір кедергіге ұшырамай қалаған дініне сенуі, оның талаптарын еркін орындауы, ұстанатын діні туралы ойлары мен білімін ауызша немесе жазбаша тарату, сол дінді еркін үйреніп, басқасына еркін тарату, мемлекет тарапынан белгіленген заңға сай әрекет ету шартымен отбасында немесе қоғамдық орындарда өзінің сенген дінін ұстану мүмкіндігі.
Алайда елімізде дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қызметін бақылау үшін қойылған талаптар, дәстүрлі дін өкілдерін де қамтығандықтан кейбір теңсіздіктер туындауы ықтимал. Ауыл имамы мешіт жамағаттарының сұрақтарына жауап берді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


07 Ноябрь 2025
16 Джумада-авваль 1447

